Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков өрт шыққан екі қабатты үй тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айта кетсек, өткен айда 1-мамыр көшесіндегі екі қабатты тұрғын үде өрт шығып, 19 пәтердің 11-і жарамсыз болған еді. Салдарынан бірнеше отбасы баспанасыз қалды.
Осы жағдайға байланысты қала басшысы жуырда жергілікті тұрғындармен кездесіп, онда баспанамен қамту мәселесі оңтайлы шешілетінін айтқан еді. Зардап шеккен тұрғындарға жанып кеткен пәтерлердің орнына "Шымкент Сити" және "Тұран" шағынаудандарынан тең құнды жаңа пәтерлер ұсынылған.
Қаланы аралау барысында шаһар басшысы азаматтардың қуанышына ортақтасып, жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін жеткізді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар