Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте жаңа Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Нысан Тұран шағынауданында орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғимараттың жалпы ауданы - 9 881,9 шаршы метр. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған орын бір ауысымда 500 орынға лайықталған.
Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды қала әкімі аралап шықты. Өз сөзінде шаһар басшысы өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.
Әкімдіктің ұсынған мәліметке сүйенсек, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері де бар.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар