Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте Полиция департаментінде Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған мерекелік іс-шара өткізіліп, нәзік жанды тәртіп сақшыларына арнайы марапаттар табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты жиында полицейлер қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің аналары мен жұбайларын да назарсыз қалдырмай, оларға гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстап, құрмет көрсетті.
Департамент бастығы полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков өз құттықтауында қайсар қыз-келіншектердің ер азаматтардан кем түспейтін ерлік әрекеттеріне айрықша тоқталып, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтерде елеулі еңбек етіп жүргенін атап өтті. Оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте сәттілік тіледі. Мұнан соң өз қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген әйел-қызметкерлерге ІІМ және департамент тарапынан марапаттар берілді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары