Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте алғаш рет кеңірдектің циркулярлы резекциясы отасы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеңірдектің кеуде бөлігінің циркулярлы резекциясы операциясы онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан 72 жастағы тұрғынға жасалды. III дәрежелі кеңірдек стенозы, ауыр дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозымымен түскен науқасқа консилиумнан кейін шұғыл түрде операциялық ем жасау шешімі қабылданды
Жаңа әдісті тәжірибеге енгізу мақсатында шет мемлекеттердің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырған аурухана мамандары күрделі отаны сәтті жүзеге асырды. Ота кезінде дәрігерлер науқастың кеуде қуысын ашып, кеңірдектің зақымданған бөлігін алып тастап, жоғары тыныс алу жолдарын қалпына келтірді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Онкохирургтар Самат Исмаилов, Талап Ақпанбетов, кардиохирург Нұрғиса Пернебаев, анестезиологтар Данияр Жайын, Бахтияр Абетаевтың командалық жұмысы нәтижесінде науқас ауыр дерттен айығып, қазіргі таңда үйіне шығарылды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар