Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қазақ халқының «Мизам» ұлттық мерекесін атап өтті.
Қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада ұмытыла бастаған мерекенің мән-маңызы насихатталып, дәстүрге сай тағамдарды қысқа дайындаудың әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Іс-шараның ашылуында сөз алған қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов көпшілікті ерекше мерекемен құттықтап, игі дәстүрлерімізді жаңғыртуға үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
Қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы Гаухар Төлепова мерекенің ерекшелігіне тоқталып, рухани жаңғыруға бастайтын игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.
- «Мизам» - мал семіріп, егін орылып, қысқа азық толық жиналып, берекеге кенелетін сәтте аталып өтетін мереке. Ертеде бұл мереке қыркүйек айының соңғы күндерінен басталып, қазан айының ортасына дейінгі шуақты күндерде тойланатын болған. Әрі, күздегі күн мен түннің теңелетін сәті де ескерілген. Жалпы, халқымыздың әр мерекесі ерекше мәнге ие. Оны бүгінгі жастар біліп, жалғастырғаны жөн, - дейді Г.Төлепова.
Жиында қарынға май салып, ет сүрлеген ақ жаулықты аналар көне дәстүр бойынша тағамдарды қысқа дайындаудың жолдарын көпшілікке таныстырса, қолөнершілер шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
Айта кету керек, «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі өңірзде 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Қаладағы саны аз этностардың басын біріктірген ұйым осындай іс-шаралар арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттап, дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды