2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліШымкенттегі Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне бомба қойылды. Мектепті дүр сілкіндірген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тәртіп сақшылары ақпаратты алған бойда ғимаратты қоршап, көшенің бір бөлігін жауып тастады. Оқушылар, оқытушылар және мектептегі өзге де қызметкерлер түгел эвакуацияланды.
«Бүгін сағат 12:23-те 102 арнасына белгісіз ер адам қоңырау шалып, Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жарылғыш қойылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнын тексеру кезінде жарылғыш туралы жайт расталмады. Орын алған жағдай ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері мен қоңырау шалған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс