Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіШымкент қаласында марихуана өндірумен айналысқан фитозертхананың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген арнайы операция нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы жабдықталған үй-жайдан заңсыз айналымда болған 83 пластикалық шелекке салынған марихуана, сондай-ақ полиэтилен пакеттерге оралмаған есірткі және электронды таразылар тәркіленген. Зертхана ұйымдастырушысы ұсталып, қамауға алынды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") және 300-бабы ("Есірткі өсімдіктерін заңсыз егу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл баптар бойынша ұйымдастырушыны жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза күтіп тұр.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік