Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкент қаласының Тұран-1 ықшам ауданынан мектеп оқушысының мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусымда мал қарауға кетіп, оралмаған. Денесі таңғы сағат 4:50-де Новостроек көшесінен табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Дене жарақаты анықталмады. Жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Жасаөспірім – 15 жаста, №72 орта мектепте оқыды, инклюзивті білім алған. Мінез-құлқы жақсы, сабақтан қалмайтын. Бүгін мектепке келіп, емтихандар тапсыруы керек еді. Таңертең ата-анасына хабарласып, қайғылы хабарды естідік. Басы айналып құлап, басын қатты ұрып алған болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Отбасына қайғыра көңіл айтамыз,- деді №72 мектеп директоры Бегмат Усманов.
Баланың неден көз жұмғанын сот-медициналық сараптама көрсететін болады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек