10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте №1 техникалық лицейдің оқушылары қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өткен есірткі қылмысы бойынша ашық сот отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық соттағылар бұл шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сана мен тәрбиені көтеру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.
Оқушылар ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған М.-ға қатысты ашық сот отырысына қатысты.
Сот отырысы аяқталған соң оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы сұрақтар талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Кездесу кезінде істі қараған судья, прокурор және адвокат оқушыларға заң саласына қатысты кеңестерін айтып берді. Сотқа қатысқан 23 оқушының 9-ы болашақта заңгер болғысы келетінін айтқан.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді