Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШымкент тұрғындары аптап ыстық салдарынан ауруханаға түсіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық №1 клиникалық ауруханасына бір апта ішінде қан қысымы көтерілген 10 науқас жатқызылған. Бұл өткен аймен салыстырғанда едәуір көп. Дәрігерлер ыстық ауа райында асқынатын ауруы бар адамдар мейлінше сыртқа шықпағаны абзал дейді. Күніне 2-2,5 литр су ішіп, үнемі бас киіммен немесе қолшатырмен жүру керек екенін ескертеді.
Күн ысыған кезде асқынатын аурулар бар. Мысалы, артериялық қан қысымы, жүректің шамасыздығы, жүйке жүйесімен ауыратын адамдар, терісінде проблемасы барлар. Күннің тікелей адамға тиюіне байланысты аурулар асқынады. Мүмкіндігінше сыртқа шықпаған дұрыс. Шыққан күннің өзінде көлеңкемен, желдеткіші бар көлікпен жүру керек,-деді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің басшысы Қуаныш Лекеров.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында аптап ыстық әлі үш күнге жалғасады. Синоптиктердің мәліметінше, 8 маусым күні қалада 36-38 градус ыстық күтіледі. Ал 9 маусым ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі деп болжауда. Тек 10 маусым ғана ыстықтың беті қайтады дейді мамандар. Шамамен +33 және +35 градус болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады