Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында төрелік ететін көкпар төрешілеріне арналған халықаралық семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары дирекциясының мәліметінше, шараға 10 елден 35 төреші қатысып жатыр. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Грузия, Пәкістан мемлекеттерінен келген мамандардың қатысуымен өтіп жатқан семинар 27 шілдеге дейін жалғасады.
Семинардың ресми бөлімін Мұратбек Қыпшақбаев ойындарға дайындық жұмыстары туралы айтумен бастады. Өз кезегінде Эркин Абзалов Дүниежүзілік көшпенділер ойынының тарихы және мақсатын таныстырып, бүгінгі өтіп жатқан халықаралық семинарда төрешілердің біліктілігін арттырып, емтихан алынатындығын хабардар етті. Сондай-ақ, ойындарда төрешілерге артылған жауапкершілікті ескеріп, көкпар ережелеріне мұқият болуларын талап етті.
Семинар соңында емтихан тапсырған төрешілерге арнайы сертификаттар табысталады. Бұл төрешілердің 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары