1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖаңаталап шағынауданында жол көпірі жартылай опырылып түсті. Бұл халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстыратын жалғыз көпір, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай орнында апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Тұран ауданының әкімі таңға дейін жергілікті тұрғындарды айналма жолмен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Әзірге мүмкін болатын жалғыз жол – шаңдақты жол, ол шамамен 6 шақырым, дейді жергілікті тұрғындар. Көпір арқылы өтетін жолды полиция қоршауға алды.
Мамырдың бірінші онкүндігінен бастап қатты жауын-шашын болғаны белгілі, нәтижесінде Бадам өзені бойынша ең көп ағын 49.5 текше метр/с құрады, өзен арнасын көпірден 100-120 метр төменде жуу фактілері орын алған. Қазіргі уақытта өзендегі су шығыны 15.3 текше метрге дейін төмендеді. Оқиға орнында жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарына ЖАО (20 адам және 5 техника), ТЖД (5 адам және 2 техника) жұмылдырылды. Бұл учаскеде жүк автокөліктері үшін қозғалыс шектеулі (жеңіл автокөліктерге шектеулер жоқ).
7 маусым сағат 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен, көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық, ескерту белгілері қойылды, осы көпір арқылы Шымкент қаласынан Жаңаталап тұрғын алабына (халқы 5000 адам) қозғалыс жүзеге асырылған.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?