Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкентте екі студентті соққыға жықты деген күдікке ілінген колледж директорының орынбасары мен дене шынықтыру мұғалімдерінің қызметінен шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкентте колледждің екі студенті өздерін директор орынбасары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұрғанын айтып шағымданған. Олардың сөзінше, директор орынбасарына студенттердің әлеуметтік желіде жазған пікірі ұнамаған. Жәбірленушілердің айтуынша, директордың орынбасары оларды колледждің жертөлесіне кіргізіп, соққыға жыққан. Жертөледе дене шынықтыру мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары да болыпты.
Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту министрі тергеу жүріп жатқанын, бұл іс қатаң бақылауда екенін айтты. Ал күдікке ілінген «завуч» пен мұғалімдер қызметінен шеттетілген.
Қазір тиісті шаралар қабылданды. Осыған байланысты тергеу аяқталғанға дейін олар жұмысынан аластатылды, - деді Бейсембаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?