Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте зиянкестермен күрес шаралары басталды. Дезинсекциялық жұмыстардың алғашқы кезеңі дендрологиялық саябақта басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Масалар мен басқа да жәндіктердің көбеюін алдын алуға бағытталған жұмыстарға 30 маман, 20 арнайы техника жұмылдырылған.
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бұл жұмыстар өзен-көл жағалаулары, саябақтар, гүлзарлар мен аллеялар аумағында атқарылады.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл дезинсекциялық жұмыстар күшейтілуде. Осыған дейін жылына 4 рет жасалған болса, биыл қала аумағында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен 10 рет жүргізілетін болады.
Зиянкестерге қарсы арнайы сертификатталған химиялық препараттар қолданылады. Мамандар олардың адам мен үй жануарларына зиянсыз екенін айтады. Сонымен қатар, масалар көбейетін аймақтарды жою жұмыстары қатар жүргізілмек,-деп атап өтті әкімдіктен.
Осы ретте жауаптылар қала тұрғындары мен қонақтардан сақтық шараларды ұстануды сұрайды. Дезинсекцияланған аймақтарда балалардың ойнамауын және тұрмыстық заттардың өңделген жерлермен жанаспауын қадағалау қажет. Мамандардың айтуынша, тұрғындар да өз аулаларын таза ұстап, судың жиналуына жол бермеу арқылы зиянкестердің көбеюінің алдын ала алады. Дезинсекцияны тұрғындар үйлерде, кәсіпкерлер аумақтарында өз қаражаты есебінен жүргізеді. Дезинсекция жұмыстарының нақты кестесі туралы ақпаратты тиісті мекемелерден немесе қалалық әкімдіктің ресми сайтынан білуге болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары