Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте канализациялық құбырдың жарылуы төрт отбасыны әбігерге салды. Оқиға 24 қаңтар кешкі сағат 9-дар шамасында Оңтүстік елдімекеніндегі И.Тайманұлы көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер асты коллекторы зақымдалып, «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-на тиесілі канализациялық құбыр жарылған. Салдарынан 4 тұрғын үйдің аулаларын су басып, су жүйесінен жеке тұрғын үйлердің 300 тұтынушысы ажыратылды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Жедел түрде «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ның 30 қызметкері мен 4 техника жеткізіліп, құбырлар ауыстырылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 3 техникасы және Еңбекші ауданы әкімдігінен 10 қызметкер, 5 техника апаттың салдарын жоюға жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?