Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері бас қосты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында еліміздің барлық аймағында бір мезетте өтіп жатқан іс-шарада аналардың ел дамуына қосып жатқан үлесі кеңінен сөз болып, көпбалалы аналарға мерекелік сый-құрмет көрсетілді.
«Қадірлі аналар, Сіздерді алда келе жатқан төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біздің қоғамымызда әйелдер отбасының береке-бірлігін нығайтумен қатар, қоғамның барлық саласына белсене араласып келеді. Елімізде көпбалалы аналар саны бойынша біздің қаламыз алдыңғы қатарда. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көпбалалы отбасыларды, халықтың әлсіз топтарын нақты қолдау және оларға баспана беру жайы айтылды. Қала әкімдігі тарапынан да әлеуметтік қолдау шаралары артуда. Ендеше, елдің өсіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып отырған яулы жандар аман болсын», - деді мерекелік жиында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева.
Жиын соңында қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов бір топ көпбалалы аналарға мерекелік сый-сияпат жасады.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд