30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның “102” арнасына қарт кісі көмек сұрап хабарласты. Ол өзінің 8 жастағы немересі түскі сағат 13:00 шамасында үйінен ойнауға шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізді. Әжесі мен атасы 3 сағат бойы өздігінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына патрульдік полиция полкінің жеке құрамы жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді.
Өз бетінше іздеуге кеткен уақыт пен баланың өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатердің барлығы ескерілді. Жарты сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршін 4 шақырым қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды. Бала аман-есен ата-әжесіне тапсырылды.
Өз кезегінде жергілікті азамат тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді. Шымкент полициясы тұрғындарды үйдегі кішкентайлар мен жасөспірімдерге аса мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ баланы қараусыз қалдырудың соңы әртүрлі қайғылы жағдайлармен аяқталуы мүмкін екенін ескертеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды