6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкент полицейлері іс-түссіз жоғалған азаматты отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Екі жыл бұрын Абай аудандық полиция басқармасына із-түссіз жоғалған 34 жастағы қала тұрғыны туралы хабарлама келіп түскен. Туыстарының айтуынша, ер адам үйден шығып, қайта оралмаған. Оның жүрген жерін анықтауға криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған адамның болуы мүмкін барлық жерлерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне бағыттама жіберді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінде жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Жедел уәкілдер оны Шымкентке әкеліп, отбасымен қауыштырды. Өз кезегінде оның қарт ата-анасы мен әпкесі полиция қызметкерлеріне біреудің қайғысына бей-жәй қарамағаны үшін ризашылығын білдірді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі