23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШымкент қаласында Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайту шеңберіндегі IX Халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған фестивальді Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ашып, мәдениет және ақпарат министрінің құттықтауын оқып берді.
Сіздерді театрдың 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақтың ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушы Жұмат Шаниннің есімін иеленген өнер ордасының ұлт руханиятын дамытуда алатын орны биік. Ғасырға жуық тарихы бар театр әр жылдары талай сахна саңлағының бағын ашты, бағытын айқындады. Бұл өнер қара шаңырағында халқымыздың біртуар таланттары Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова еңбек еткен. Қазақ драма театры бүгінгі таңда көрерменін сапалы қойылымдармен қуантып, тағылымы мол, талғамы биік туындылар сахналауда, – делінген құттықтау хатта.
Алты күн бойы Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзербайжан және Қазақстан театрларының үздік спектакльдері көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасында спектакльдерді талқылау үшін жетекші театр сыншылары қатысатын дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, шетел педагогтары өткізетін театр режиссерлері, актерлері мен менеджерлеріне арналған шеберлік сағаттары жоспарланған.
Іс-шара 11 қарашаға дейін жалғасады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады