Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте ҰҚК 22 адамнан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымы әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың Рамазан айында ауызашар өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды.
Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары