12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті. Акция барысында қала тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй кезегі, тұрғын үйді жекешелендіру, жол, инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелелер бойынша кеңестер алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, азаматтар құқық қорғау органдарының өкілдеріне, адвокаттар мен заң консультанттарына жүгінді. Құқық қорғау органдарының өкілдері жергілікті кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік жарақат алу оқиғалары мен жалақы қарыздарына қатысты мәселелерде кеңестер берді.
Айта кетейік, акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
"Халық заңгері" іс-шарасы аясында 130 азаматқа құқықтық кеңестер берілді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер