6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Гүлдер жәрмеңкесі» өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, «Астана» алаңында ұйымдастырылған мерекелік жәрмеңкеге 20-ға жуық кәсіпкер қатысып, сан алуан гүлдерді, әсем безендірілген гүл шоқтарын ұсынды.
Ерекше безендірілген аумақтағы жәрмеңке келушілерге мерекелік көңіл күй тарту етуде. Қала тұрғындары мерекеге орай әсем гүлдердің саудасын қыздырып, көктемнің шырайын сезінуде, - делінген мәліметте.
Жәрмеңкеге қатысушы кәсіпкерлер бірыңғай ақ шатырларда жұмыс істеуде, олардан тазалықты сақтау талап етіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі