23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түрлі этнос жастарының мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениетін дамытуды көздеген іс-шара Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында өтті. Оған негізінен қалалық ассамблея жанында ашылған мемлекеттік тілді оқып-үйрету курсының оқушылары қатысып, теориялық білімді практика жүзінде қолдану дағдыларын дамытты.
Шараға қатысушылар өзара үш топқа бөлініп, Отан, тіл, достық, бірлік тақырыбында мақал-мәтелдер мен билердің даналық сөздерін айтудан, қара өлең оқудан сынға түсті. Сондай-ақ, басылымдарда жарияланған мақалалардан үзінді оқып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін көрсетті.
Байқау барысында қазақтың отыздан астам мақал-мәтелдерін жатқа айтып, Абайдың өлеңдерін оқудан алдына жан салмаған колледж студенті Сайфиддин Османов үздік деп танылды.
«Қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Алайда, қалалық ассамблея жанындағы тегін тіл үйрету курсы арқылы мемлекеттік тілде дұрыс жазып-сөйлеуді үйренуді бастадым. Бүгінгі сайыс тілімізді жаттықтырумен қатар қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығымызды одан әрі арттырып отыр. Тіл үйрену – түсіністікті арттырып, бірлігімізді нығайта түседі», - дейді түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі С. Османов.
Айта кету керек, Шымкентте түрлі этнос өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді оқып-үйрету курсы осы жылдың ақпан айында жұмысын бастады. Игі бастаманы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе жүзеге асыруда. Бүгінде курсқа келушілер арасында жастардың қатары артып, олардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы жоғары екені байқалады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік