12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте есірткі жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында есірткіге қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
«Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді қалаға жеткізу арнасының жолы кесілді. Жедел іс-шара барысында Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Азаматшаның басқаруындағы көліктен салмағы 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ полицейлер синтетикалық есірткілерді байланыссыз жолмен өткізумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 200 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленіп алынды.
Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер