6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкентте ерекше балаларға арналған QH оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді оңалту жұмыстары жүргізіледі.
ӨКҚ Instagram-дағы мәліметінше, бұл үшін орталыққа емдік дене шынықтыру және механотерапия залында аяқ-қолдарды дамытуға арналған "Балу жүйесі", "Террастейшн", "Тиго жүйесі", "Бос аппарат RT-300", "Корвит" нейросенсорлық медициналық құрылғылары орнатылған. "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында сенсорлық, интерактивті, шунгитті және тұзды шахта, кәсіптік терапия, физиотерапия және бальнеотерапия кабинеттері бар.
Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығында жыл басынан бері 1843 балаға кешенді оңалту ем-шаралары жүргізілді. Мұнда неврологиялық ақауы бар 18 жасқа дейінгі балалар кардиохирургиялық, ортопедиялық оталардан кейін оңалту процедураларын қабылдайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі