13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен Аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық жарақтандырылатын 8 өңірдің алғашқысы – Шымкент шаһары. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып, жиһаз орналастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Балалармен жұмыс істеу үшін АВА-терапия бойынша бірінші курстан өткен мамандар таңдалды.
Орталық аутизм спектрі бұзылған 1,5-нан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Жыл сайын 125 бала мамандардың тегін көмегін ала алады.
Орталықта балалармен жұмыстың келесі бағыттары болады: АВА-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, адаптивті және емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы, арттерапия, музыкалық терапия, қыш жасау, ата-аналармен жұмыс, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопедпен, психологпен, дефектологпен сабақтар.
Қордың «Аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» бағдарламасы бойынша аталған орталықтар сондай-ақ Алматы, Қостанай, Тараз, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Павлодарда жарақтандырылады. Бағдарламаны іске асырудағы серіктестер – «Samruk-Kazyna Trust» КҚ және «Қамқорлық қоры» қоры.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды