23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкентте үш адам конго-қырым қанды безгегін жұқтырды. Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап, үйлеріне шығарылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, тағы бір ер адам, Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол реанимация бөліміне жатқызылды, онда ол үш күн жатып, қажетті ем алған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан қайтыс болды.
Қазіргі таңда тағы бір науқас конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған болуы мүмкін. Оның талдау нәтижелерін мамандар тексеріп жатыр.
Айта кетейік, конго-қырым геморрагиялық қызбасын тарататындар - иксод кенелері. Кенелер жылудың басталуымен жануарлар мен адамдарға шабуыл жасайды. Көктемде наурыздан маусымға дейін және күзде қыркүйектен қазанға дейін кене шағу маусымы болып саналады.
Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинацияны орманшылар, аңшылар, геологтар сияқты аурудың табиғи ошақтарында көп жүретін қызметкерлер алады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік