6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкенттің "өкпесі" атанып кеткен А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағына кіру ақысы тарифтік мөлшердің өзгеруіне орай, 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 100 теңге болып бекітілді, 3-сәуірден бастап қолданысқа енеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, зейнеткерлерге мүгедектігі бар адамдарға, Ұлы Отан соғысы мен басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, көпбалалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа” иегерлері) және мектеп жасындағы балаларға саябаққа кіру тегін.
Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, саябаққа кіру уақытын таңғы 05:00 ден түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзарту бойынша шешім қабылданған. Кіру ақысы таңғы сағат 05:00 ден 07:00 ге дейін және 23:00 ден 01:00 ге дейін тегін.
А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істейтін болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі