10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАсқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.
Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.
Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа берілді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді