Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте бүгіннен 15 қазаннан бастап қоғамдық автобустарда қолма-қол төлем түрі жойылады. Қала әкімінің тапсырмасымен арнайы қаулы қабылданған. Енді төлемді тек электронды жолмен – көлік картасы, QR код, СМС, банк карталары, арнайы қосымшадан NFC және Apple pay, Google pay, Samsung pay арқылы ғана жасауға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұған дейін қоғамдық көлікте қолма-қол төлем түрін жүргізушінің өзі жүргізетіндіктен, көлік құралын басқарудан алшақтауға мәжбүр болатынын атап өтті. Бұл жолаушылардың, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Оған қоса, қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушылар арасында жиі түсініспеушіліктер орын алатын. Жыл басынан бері қоғамдық көлік бойынша түскен 6 мың арыз-шағымның 3 мыңнан астамы жүргізушілерге қатысты. Оның ішінде, жолаушыларды қолма- қол ақшамен төлеуге мәжбүрлеу, қасақана есіктерді ашпау жайттары тіркелген. Сонымен қатар жүргізілген талдауға сәйкес автобустарда 97% транзакциялар электрондық жүйелері арқылы (карта, QR-код, SMS), ал қалған 3%-ы ғана қолма-қол ақшамен төленген. Бұл көрсеткіш те жолаушылар үшін электронды жүйенің тиімді екенін көрсетіп отыр екен.
Енгізілетін өзгерістердің нәтижесінде көлеңкелі ақша айналымы, қоғамдық көліктердің бекітілген уақытынан кешігуі және жол көлік оқиғалар көрсеткіші айтарлықтай төмендейді деп күтілуде.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары