Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтаулы мерекеге орайластырылған «Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Еңбек мобильділігі» орталығына қарасты Тұран аудандық «Мансап» орталығында өткен іс-шараға қала аумағындағы 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатыстырылды.
Жыл басынан бері мегаполисте 30-дан астам бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына тартылған.
Бүгінгі жәрмеңкеде 100-ге тарта тұрғынға жұмысқа жолдама берілді. Бос жұмыс орындарына жолдама алғандардың арасында пробация қызметі есебінде тұрған, мүгедектігі бар, сондай-ақ алимент төлейтін азаматтар бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді