22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыШымкентте жыл басынан бері отбасындағы құқық бұзушылықтар бойынша 5600 тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 73-бабы («Отбасы тұрмыстық құқыққа қарсы іс-әрекеттер») негізінде жүзеге асырылған. Ал былтыр 2360 адам жауапкершілікке тартылған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құқық бұзушылықтардың салдарынан жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция 4800 адамға қатысты «қорғау нұсқамасын» шығарды (2023 жылы – 3835). Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 363 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2023 жылы – 182).
Биыл отбасы тұрмыстық қарым-қатынастарында жасалған қылмыстар саны 32-ден 146-ға дейін артқан. Прокурорлар мәліметінше, бұл 2024 жылдың 15 маусымында күшіне енген жаңа заңнаманың әсерінен болып отыр. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа баптар енгізілді. Осыған сәйкес, Қылмыстық кодекстің 108-1 бабы «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша 38 қылмыс тіркелді. Ал Қылмыстық кодекстің 109-1 бабы «ұрып-соғу» бойынша 84 қылмыс анықталды.
Прокуратура тарапынан профилактикалық шаралар жалғасуда және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты құқық бұзушылықтар үнемі бақылауда.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев