Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШымкентте байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарысқа жалпы саны 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біріншілікте 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер бақ сынады.
Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан өзге Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған байдаркашы Сергей Емельянов та жас спортшыларға демеу беріп, болашақ жеңімпаздарға қолдау көрсетті.
Ашық біріншілікте 200 және 500 метрден тұратын (ұлдар, қыздар) 6 санаты бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы ұйымдастырушылар атынан диплом табысталды.
Айта кетейік, біріншілік қаладағы дендрологиялық саябақта алғаш рет өткізілуде.
Байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар. Жалпы Шымкентте спорттың бұл түрі қарқынды дамып келеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?