Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБалабақшада бүлдіршінді ұрып-соғып, тіпті аяғынан сүйреп, қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ол «тәрбиелеу мекемесі жұмыскерiнің кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту» бабы бойынша айыпталған еді. Сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденсе де, тәрбиеші мен жәбірленуші тараптың татуласуына байланысты оған ешқандай шара көрілмейді.
Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрады. Онымен татуласып, оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты сот ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, - деді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, оқиға қыркүйек айында орын алған еді. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан тәрбиешінің бүлдіршінді белгісіз затпен ұрып, аяғынан сүйрегенін көруге болады. Болған оқиғадан кейін балабақша қызметкері бірден жұмыстан шығарылып, қылмыстық іс қозғалған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?