Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіШымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3) тармағымен қылмыстық істі қарады.
Күдікті Шымкент қаласының полиция департаменті Жол-патрульдік полкінің командирі және Жергілікті полиция қызметі бастығы лауазымын атқару барысында лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалана отырып, өзінің қарамағындағы полиция инспекторынан жалпы сомасы 3 194 305 теңге тұратын бағалы заттарды алдыртып, жәбірленушіге елеулі зиян келтірген. Олардың ішінде жиһаз, ұялы телефон, қол сағаты, иіс су, тұрмыстық заттар бар.
Сот сотталушыға ҚК-нің 50-бабының 2-бөлігінде көзделген белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айта кетейік, соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік