Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкент қаласы аудан әкімінің орынбасары кәсіпкерден пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, биылғы 1 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жариялады.
Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында мегаполисті абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қамқоршылық жасағаны үшін кәсіпкерден 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары