Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШымкентте әскери қызметшілер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Нина Мосуноваға құрмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Шымкент филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев пен ардагерлер ұйымдарының өкілдері санаулы күндерден соң 101 жасқа келетін соғыс майдангері Нина Мосунованың үйіне барды.
Серікбай Оңбаев әскери қызметшілер мен ардагерлер атынан ардерге Жеңіске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде соғыс ардагері қонақтарға Отан қорғаушы миссиясының маңыздылығын атап өтіп, көрсеткен ықыласы үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Нина Мосунова 1924 жылы 9 наурызда дүниеге келген. 1942 жылы қазан айында әскерге өз еркімен алынып, майданда пулеметші болып жеңіске жетуге атсалысқан. Бүгінде ардагер 1 баланы тәрбиелеп өсіріп, 2 немере 5 шөберені сүйіп отыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?