23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкент гарнизонының әскери қалашығында балаларға арналған жаңа спорттық ойын алаңының ашылуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған нысан Әл-Фараби ауданы әкімдігінің және жобаға демеушілік еткен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен салынған. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өткен салтанатты рәсімге Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Биболатов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков, кәсіпкерлер мен әскери қалашықтың тұрғындары қатысты.
Осы қаланың тұрғыны және әке ретінде барша отбасыны осындай қуанышпен құттықтаймын. Балаларымызды назардан тыс қалдырмай, олардың дамуына үлес қосқандарыңызға көп рахмет. Ынтымақтастығымыз нығайып, дамитынына сенімдімін, – деді Сергей Биболатов.
Алаң шартты түрде бірнеше аймаққа бөлінген: бір бөлігі – бүлдіршіндер үшін қауіпсіз ойын алаңы болса, екіншісі – үлкен балаларға арналған – спорттық тренажерлер және шағын футбол жаттығуларына арналған жабық алаң. Қойылған шатырлы сәкілер мен орындықтар қалашықтың тұрғындарының демалуына қолайлы жағдай жасайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік