Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте әскерге шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы Төлеби ауданы Тағайна ауылының 18 жастағы тұрғыны Бехруз Равшанбековті әскери комиссариатқа алып кеткен. Жігітті көлікке күштеп отырғызып, қабылдау пунктіне апарған.
Жігіттің сөзінше, жолда әскерилер оны әскерге шақырудан босату үшін ақша сұрай бастаған. Қазір әскери тергеу бөлімі әскери комиссариат қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша істі тексеріп жатыр. Ал қалалық қорғаныс департаменті өзінің іскерлік беделін қорғау үшін зардап шеккен жігіттің әкесінің үстінен сотқа шағым түсірген.
Жәбірленушінің әкесіне қатысты сотқа арыз берген Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шағымында Ғайнанов жауапкер ретінде іскерлік бедел мен абыройға нұқсан келтірді деп айыпталып, оның сөздері шындыққа жанаспайтыны айтылған. Талап арызды Төлеби ауданының аудандық соты қабылдады. Алайда бірнеше сот отырысынан кейін департамент талап арызынан бас тартты.
Ал әскери тергеу басқармасы үш ай бойы «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған істің мән-жайын тергеп жатыр.
Бекруз Равшанбеков әскерден жалтарушы ретінде іздеуде болмаған, оған шақыру қағазы мүлдем келмеген, өйткені ол кезде 18 жастағы жігіт Төлеби ауданында да, Шымкент қаласында да тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрмаған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?