13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызШымкентте жыл басынан 5 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, шаһарда әр 15 минут сайын бір сәби жарыұ дүние есігін ашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 наурыз - «Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жаңадан босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.
Наурызды тойлау бүгін Шаңырақ күнімен жалғасуда. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын. Мемлекет басшысы, үкіметімізде біздің халықтың санының молаюына ерекше мән беріп, қолайлы жағдай жасап отыр, - деді Сәрсен Абайұлы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда қала бойынша төрт перзентхана жұмыс істейді. Шаһарда жыл басынан бері 4911 сәби дүниеге келді. Оның 2493-і ұл және 2418 қыз баласы.
Оқи отырыңыз:
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды