Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.
10 қазан таңғы сағат 9:30 шамасында Шымкент қаласы Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік апатын жасады.
Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды. Жайтты полицейлер СТТБТ-де ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен «Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы» тіркеді.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік