2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрШымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамбмлеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері №47 «Алтын бесік» балабақшасында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлы парыз» тақырыбында іс-шара өткізді.
Ата-аналар мен бүлдіршіндер қатысқан жиында халқымыздың бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүр кеңінен насихатталды.
Іс-шараға келушілер алдымен «Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым» тақырыбындағы көрмемен танысты. Одан кейін ақ жаулықты аналар дайындаған «Құрсақ той», «Қалжа», «Бесік той», «Тұсау кесер» секілді дәстүрлер жайлы қойылымдарды тамашалап, ұлды намысты, қызды қылықты етіп тәрбиелеудің маңыздылығын сөз етті.
«Әдетте, адам барлық нәрсені өмірге келген соң үйренетін, өмірден жинақтайтын тәрізді. Алайда, қазақта «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді» деген сөз бар. Ана баланы құрсағында жатқаннан бастап тәрбиелеу қажеттігін бабаларымыз ертеден білген ғой. Оны ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізден анық байқаймыз. Анасы нені көп үйренсе, нені білетін болса, кейін бала сол нәрсені тез игеріп алатындығын бүгінде ғалымдар да дәлелдеп отыр. Ендеше, Аналар кеңесі ұрпағымыздың болашағына бағытталған осындай тағылымды шараларды барлық балабақшаларда өткізетін болады», - деді жиынға қатысқан қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева.
Жиын соңында аналар балаларға ертегі айтып берсе, балабақша тәрбиеленушілері қонақтарға алғыс айтып, ән мен жырдан шашу шашты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова