Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкент қаласында Shymkent Usta Fest – тұтас ағаштан жасалатын қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Қаладағы «Арбат» алаңында өтіп жатқан фестивальдің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, шеберлерге сәттілік тілеп, фестивальдің маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, Shymkent Usta Fest фестивалі елімізде тұңғыш рет Шымкент қаласында өтуде. Оған елімізден өзге, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресей Федерациясынан келген ағаш өңдеу өнерінің шеберлері қатысып жатыр.
Фестиваль бағдарламасы аясында алты күн бойы «Арбат» алаңында жәрмеңкелер, көрмелер және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық нақыштағы ерекше бұйымдарды тамашалап қана қоймай, олардың жасалу барысын да көре алады.
Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі мен гала-концерті 20 маусым күні өтеді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар