10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте адам өлтірді деген күдікті ер адам қолға түсті. Полицейлер оны “Қорғау” бағдарламасының көмегімен құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта болған.
Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп, ізін суытқан.
Автокөлікті "Қорғау" бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент Полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтады.
Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды. Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысқан. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Оқи отырыңыз:
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді