29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте 52 жастағы әйел бесінші қабаттан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушыларға куәгерлердің бірі хабарласқан. Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер әйелді райынан қайтармақ болып, әңгімеге тартқысы келген. Бірақ қала тұрғыны сөйлесуден бас тартыпты.
Осы сәтте құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі арқылы пәтерге жетуге асыққан, ал жүргізуші төртінші қабаттағы пәтердің балконына автосатыны орнатқан. № 5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алпамыс Талипов әріптестеріне көмекке келген. Ол автосаты арқылы төртінші қабаттың балконына көтеріліп, жақтауға шыққан. Әріптестері пәтерге кіргенге дейін әйелді төменнен ұстап тұрған. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында әйел аман қалды.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар тұрғынды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек