Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл Шымкентте 1 тамыздан бастап 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтарымсыз баспана сертификатына ие болғандардың қатарында І, ІІ- топ мүгедектігі бар 16 тұрғын, ерекше бала асыраушы 9 отбасы бар. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 3, көпбалалы отбасылар - 11, толық емес отбасылар - 4, бюджеттік мекеме қызметкерлері - 6.
Аталған тұрғындар "Отбасы банк" арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін 1 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне ие болған.
Қала әкімдігі қазіргі таңда тұрғын үй сертификаттарына өтінімдер қабылдау жалғасып жатқанын атап өтті. Бұл қолдауға ие болу үшін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар 2-10-20, 5-10-20 мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік бағыттарының бірі арқылы конкурстан өтіп, банк шарттарына сәйкес төлем қабілеттігін растайды. Қатысушы "Отбасы банктің" ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң тұрғын үй сертификатына өтінім жолдай алады.
Айта кетсек, жалпы жыл басынан бері қалада бұдан бөлек әртүрлі әлеуметтік санаттар бойынша 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары табысталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?