6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкенттік келіншек Азиза Қалиева оныншы перзентін дүниеге әкелді. 1990 жылы туған көпбалалы ана ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәрестенің салмағы - 4900гр. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалды.
Перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туылған 707 нәресте және 96 егіз бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі