Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте балаларының түнгі жүрісі үшін 300-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 3 және 4 қарашада қалалық ПД ювеналды полициясының қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 272 кәмелетке толмағанды анықтады.
Олардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оның ішінде 18 жасқа толмағандардың сағат 22:00-ден кейін көңіл көтеру мекемелерінде болғаны үшін 37 азамат айыппұл арқалады. Ал балаларының сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруіне жол берген 235 тұрғын ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес ескертілді.
Айта кетейік, түнде ұсталған жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Онда оның жеке басы анықталып, ата-анасына хабарланады. Егер ол ойын-сауық мекемесінде ұсталған болса, онда ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бала көшеде бірінші рет анықталса, ескерту жасалады. Бұл жағдай екінші рет қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Аталған рейдтерді мегаполис полицейлері тұрақты түрде жүргізеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар