Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте 2,5 млн теңгенің велосипедтерін ұрлаған күдікті құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше айдың ішінде күдікті 21 тұрғынды екі дөңгелекті темір тұлпарсыз қалдырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 2,5 млн теңгеге жуық. Қаскөй көпқабатты үйлердің кіреберісіне кіріп, баспалдақ алаңында қалдырылған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан. Ал дөңгелекті құлыптау құрылғыларын қысқышпен кесіп жүрген.
Күдіктіні тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны болып шықты. Рецидивист қамауға алынды.
Әл-Фараби АПБ тергеушілері барлық айғақты жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл заңсыз әрекеті үшін ер адам 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар