7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Шымкентте есірткі жеткізу арнасы жойылып, құны 30 млн теңгеден асатын есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы іс-шаралар барысында полицейлер қала аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан 24 жастағы ер адамды ұстады. Жас жігіттен жарты келі мефедрон және 25 бір реттік доза салынған орама табылды.
Полиция хабарлауынша, ұсталған азаматтың жалдамалы пәтерінде 1 келіден астам әртүрлі есірткі құралдары және оларды өлшеп орауға арналған таразы, бетперде, арнайы көзілдірік секілді заттар табылған.
Анықталғандай, оған есірткі заттарын алматылық әйел қалааралық такси арқылы жолдап отырған. Күдікті азаматшаны полицейлер көрші қаладағы тұрғылықты жерінен ұстады. Ол өз үйінде есірткі таблеткаларын дайындауға арналған зертхана ұйымдастырған екен. Әйелден 1,5 келі “синтетика” және басқа да есірткі түрлері тәркіленген.
Тексеру кезінде күдікті әйелдің шымкенттік танысына тағы бір есірткі партиясын жіберіп үлгергені белгілі болды. Ол смартфоннан босаған қорапқа ЛСД психоактивті затын жасырып, такси арқылы салып жіберген. Тәртіп сақшылары автокөлікті анықтап, есірткіні тәркіледі.
Оқи отырыңыз:
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?